Орталық Азиядағы мемлекеттер арасында Ауғанстан мәселесіне қатысты ортақ стратегиялық жоспар жоқ. Бұл жөнінде Алматыда өткен «Ауғанстанға арналған сценарилер және аймақтық қауіпсіздік трансформациясы» халықаралық конференциясына келген сарапшылар мәлімдеді. Олар әр мемелкеттің ауған мәселесіне келгенде өз саяси ұстанымы болғандықтан ортақ шешімге келе алмай отыр дейді. Бұл мәселе жөнінде қазақстандық сарапшылардың пікір әртүрлі. Бірі Ауғанстанда тұрақтылықтың орнауы Иран мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастың қалай дамуына байланысты десе, енді бірі - Орталық Азияда орналасқан мемлекеттерде Ауғанстан мәселесінен өзге өзара еларалық мәселелер де шешімін тауып отырған жоқ дейді. Ресейден келген сарапшы Евгений Кожокин қазір Ауғанстанға көрші отырған мемлекеттерден өзге елдер де ауған жерінде тұрақтылық орнату үшін осы елдің экономикасына инвестиция салып жатқанын алға тартты. Қазақстандық сарапшы, халықаралық экономика және саясаттану институтының директоры Сұлтан Акимбеков Ауғанстанда тұрақтылықтың орнауы - Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Америкамен арада туындап отырған жанжалдың қалай белең алуына байланысты деді.