Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

 Интернетте авторлық құқықтың жиі бұзылады және пираттық жолмен интернет өнімдерін көшіріп пайдалануды шектеу қажет. Ал бұл мәселені шешу үшін интернет туралы қолданыстағы заңға өзгеріс енгізген жөн. Бұл жөнінде Қазақстанның интернет қауымдастығы мен «Майкрософт Қазақстан» компаниясының  ұйымдастыруымен «Ақпарттық ортада авторлық құқықтарды қорғау» атты дөңгелек үстелге жиналғандар мәлімдеді.  Ұйымдастырушылар пираттық өнімдер адал бәсекеге және  ІТ индустриясының дамуына кедергі жасап отыр дейді. Сонымен қатар олар қазақ интернетін қолданушылар санын арттырудың жолы интернетте сапалы өнімді пайдалану дейді.  Дөңгелек үстелде интернеттегі авторлық құқық пен құқық қорғау орындарының қызметі және қолданыстағы заңнама жөнінде сөз болды. Олар лицензиясы бар өнімдермен жұмыс жасаудың пайдалы жақтарын түсіндіру қажет дейді. Пираттық өнімдерді сату  экономикалық өсуді, заңды қызмет түрлерінің дамуын, жаңа жұмыс орындарының ашылуы, бюджетке салықтық табыстардың түсуін тежеу секілді проблемаларды туындатып отырғанын алға тартты. «Авторлық құқықты қорғау  және сабақтас құқық қауымдыстағының» президенті  Виктор Лосев казақ интернеті тек пираттық өнімдерді ұсынумен өмір сүріп отырғанын айтады.  Сонымен қатар интернет саласының мамандары лицензиясы бар өнімдердің бағасы да қымбат тұратыны айтты. Олар Қазақстан халқының тұрмыс деңгейін ескеру қажет деген пікірде. Олардың айтуынша, демалыс күндері лицензиялы кино алып көру үшін кемінде екі-үш мың теңге, шамамен 20 доллар жұмсау керектігін алға тартты. Оны кез-келген тұтынушының қалтасы көтере бермейтіндіктен пираттық өнімдерді алуға тура келеді деді. Кейбір мамандар сапалы өнімдердің бағасын төмендетуді ұсынғанмен, Қазақстан нарықтық экономкаға көшкендіктен бағаны бақылауға ала аламайтыныдарын айтты.

XS
SM
MD
LG