Accessibility links

Айтыс Азаттықта


please wait

No media source currently available

0:00 0:30:00 0:00
Жүктеп алу

Мамырдың 2-сі күні Алматыда өткен «Төртеу түгел болса» атты айтыстың бесінші жұбы - Жандарбек Бұлғақов пен Айбек Қалиев. Бұл екі ақын Қазақстандағы түрлі діни ағымдарды көбірек сөз етті. Айтысты бастаған Жандарбек Бұлғақов құмалақшы кемпірге сенетін «қазағым, осыншалық аңқау ме едің» деп бір қайырды: – Бұ дүниеде Аллаға серік қосып, Білгің келеді болашақ дерегіңді. Құмалақшы кемпірге жүгінесің, Алла алдында түсіріп беделіңді. Өзіңнен тиын-тебен тілеп отқан, Ол кемпір қайдан берсін керегіңді. Қазағым, осыншалық аңқау ме едің, Көтерген түбі тесік шелегіңді. Қойдың өзі менсінбей тастап кеткен, Құмалаққа сыйынып не көрінді. Айтыста дін тақырыбын көп қаузаған Жандарбек сөз арасында хиджабты да сөз еткен болатын. Қарсыласының сөзін қостаған Айбек Қалиев: – Хиджабқа қарсы үкімет заң шығармақ, Апырай, сірә, иман бар ма оларда. Хиджаб киген қыздарға тиым салу, Ақылдының ісі емес аңдағанға. Әйелдің киімімен арпалысып, Билікте басқа жұмыс қалмаған ба? – деді де, бүгінгі биліктегі жастарды да сынап өтті: – Біздің елде жастардың саясатын, Орыс тілді жастарға бұрып кетті. Өткізген жиналыстың бәрі орысша, Сондықтан болашағың күдікті етті. «Ұлтым» деп ұлып жүрген біреуі жоқ, Қолынан жас қазақтың құрық кетті. Өтешов Нұрлан деген серкелерің, Қазақшаға ауызын буып кетті. Жастардың сөзін сөйлер Сыздықоваң, «Төрт байға тиемін» деп тұрып кетті. Тәңірім бермей қалғыр Бердіоңғаров, Аузына келгенді айтып, үріп кетті. Ел аман, жұрт тынышта жиырма үшінші Февральмен құттықтап, қуып кетті. Кешегі жас арыстан Ғанилардың, Тұқымы тұздай бүгін құрып кетті. Қайрат пен Ләззаттай ірілердің, Ізбасары іркіттей іріп кетті.

XS
SM
MD
LG