Accessibility links

Руханият


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

1916 жылы маусымның 25-інде Ресей патшасы ІІ-ші Николайдың «Реквизициялау туралы» жарлығы шығып, Қазақстан, Орта Азия мен Сібірдегі «бұратана халықтардан» 19 бен 43 жас аралығындағы 400 мың адамды майданның тыл жұмыстарына алу көзделді. Оның 240 мыңын қазақтан алатын болды. Осы жарлық шығысымен бір ай өтпей жатып, бұйрыққа қарсы жаппай бас көтеру басталды. Тарихшылар бұл көтерілісте халық жаппай бұйрыққа қарсы шыққаннан гөрі зиялы қауым өкілдерінің мәселені бейбіт жолмен шешу туралы ұсынысына қолдау танытуы қажет еді деген пікір білдірді. Тарихшы Талас Омарбеков майданның тыл жұмысына қазақтарды алуы - олардың кемсітуі болатын дейді. Өйткені тарихшының айтуынша, еркін өмір сүріп үйренген қазақтардан атты әскер құруға болатын еді. Ал сол кезде қазақ халқы әскерге адам жіберу деген сөздің өзіне үрке қарайтын. Талас Омарбеков қазақ халқының  осындай психологиясымен таныс зиялы қауым өкілдері мәселені бейбіт жолмен шешуге тырысқанын айтады. Тарихшы Шәмек Тілеубаев зиялы қауымның бейбіт түрде шешуге деген ұмтылысы дұрыс шешім болғанын тарих дәлелдеп отыр деді. 1917 жылдың ақпан айында патша үкіметі құлады. Тарихшылар патша үкіметінің құлауы - көтерілісшілерді жаппай қырылып қалудан сақтады дейді. Талас Омарбеков патша үкіметі құламағанда қуғынға ұшыраған көтерілісшілердің жағдайы ауырлай түсуі мүмкін еді деген болжам жасайды.

XS
SM
MD
LG