Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

1987 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы жыл сайын 26 маусымда Халықаралық нашақорлық пен пен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күнін атап өту туралы шешім шығарды. Есірткі бағзы замандардан қолданылып келе жатқан дерт екені тарихтан белгілі. Біздің заманымызға дейінгі 2700 жылдары Қытайда анаша пайдаланылды деген дерек бар дейді тарихшылар. Көкнәрді Египетте емдік және діни ғұрыптарда пайдаланғаны туралы грек тарихшысы Геродоттың да еңбектерінен кездестіруге болады. Ең алғаш рет есірткінің зиянын шығыс ғұламасы Ибн Сина жазып көрсеткен. Есірткіге қарсы күрес XX ғасырдың басында халықаралық сипат алып, арнайы құжаттармен бекітілді. 1946 жылдан бақылау Біріккен Ұлттар Ұйымының құзырына көшті. Нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезеңде ересектер арасында да ескірткіге әуестенетіндер көбейіп келеді дейді сарапшылар. Алматы қалалық наркология орталығы бас дәрігерінің реабилитациялық жұмыстары жөніндегі орынбасары Күләмшә Мерзадинова есірткіге тәуелді жастар саны азайып бара жатыр дейді: Сарапшылар пікірінше, нашақор азаматтардың нақты саны ресми деректерден 8-10 есе артық», - дейді  Алматы қаласындағы психиатрия, психотерапия және нашақорлық проблемасы бойынша республикалық ғылыми – тәжірибелік орталық маманы Айгүл Нәшкенова.

XS
SM
MD
LG