Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Мүгедек жандар өздерін қоғамнан шеттетілген адамдар санатына қосады. Олардың айтуынша, заңда бәрі қарастырылғанымен, ол заң баптарының бірі қолданылмайды. Бұл жөнінде олар «Азат жалпы ұлттық демократиялық» партиясы ұйымдастырған дөңгелек үстелде мәлімдеді. Мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамда олар үшін ешқандай жағдай жасалмағанын, жұмыспен қамту мәселесі 20 жыл ішінде әлі шешімін таппай келе жатқанын айтады. Алматыдағы «Шырақ» мүгедек әйелдер қоғамдық ұйымының мүшесі Әлима Бейсенбаева ана болу мәселесіне келгенде шешімді дәрігерлер қабылдап жатады деді. Оның айтуынша, дәрігерлер мүгедек әйелдің құқығын аяққа таптап, жеке өміріне де араласатын кездері болады.  Ресми дерек бойынша, Қазақстандағы мүгедектер саны халықтың 3 пайызын құрайды. Алайда мамндар бұл дерек шындыққа жанаспайтын айтады. Қоғамдық мәселе және талдау орталығының жетекшісі Меруерт Махмутова мүгедектердің мәселесін шешуде әлемдік тәжірибеге сүйенген жөн дейді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға салынатын протездер Қазақстанның Алматы, Семей, Петропавл қаларында жасалады. Ал құлағы естімейтін мүгедектерге арналған аппараттар Қазақстанда жасалынбайды. Мамандар бұл аппараттар мемлекеттік тапсырыспен шетелден сатып алынатын айтады. Меруерт Махмутова мемлекеттік тапсырыспен сатып алынатын аппараттармен барлық облыстардағы мүгедектер бірдей қамтамасыз етілмейтін алға тартты.

XS
SM
MD
LG