Қазақ әдебиетінің тарихын зерттеген ғалым Есмағамбет Смайловтың биыл 100 жылдығы. Әдебиеттанушы Тұрсынбек Кәкішев оның қандай қиын кездерде де ұстаздық қызметін адал атқарғанын айтады. Кәкішев әдебиеттанушы, ғалым Есмағамбет Смайловтың еңбектерін Жоғарғы оқу орындарында, мектептерде оқытуды ұсынады. Смайлов әдебиет және тіл институтының директоры болып тұрған шақта қазақ әдебитенің тарихын зерттеуге арналған еңбектердің жарық көруіне ат салысқанын еске алған ғалым Тұрсынбек Кәкішев, Кенесары қозғалысына қатысты жазған еңбектері үшін ұстазының 25 жылға сотталуы ғылыммен айналысып жүрген көптеген адамдардың ынта-жігеріне құм құйды дейді. Ол соған қарамастан кейбір азамматар зерттеулерін жалғастыра берді деп еске алды. Оның айтуынша, кейбір адамдар партия идеясын алға тартып, өз қарсыластырын жойып жіберуге пайдаланған. Ол ұстазы Есмағамбет Смайлов азаматтық танытып, сол көшке ермей, тоғыз жыл бойына қорғай алмай жүрген кандидаттық диссертациясын қорғап шығуға көмектесті дейді. Тұрсынбек Кәкішев әдебиетте айтылған сыни пікірлердің барлығы ескерілмей қалған кездері болған емес деп дейді. Өйткені ондай пікірлер қазақ әдебиетінің класассик жазушыларының арасында үлкен дау туғызуы мүмкін еді деп еске алады. Ол өмірден өткеніне жарты ғасырдан асқан зерттеушінің биыл жүз жылдығын халық болып атап өтуді ұсынады.