Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

1 шілдеден бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысы 30 пайызға арттырылатыны туралы президенттің Қазақстан халқына  жолдауында айтылған еді. Алматы қаласының тұрғыны және бюджеттік сала қызметкері Қарлығаш Жолдасбекова жекеменшік салада жұмыс істейтін азаматтардың жалақысы екі есе жоғары деп есептейді. Сондай-ақ сұхбаттасымыз жалақы көтерілген кезде онымен бірге азық түліктің қымбаттайтынын байқаған екен. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, 2011 жылы бюджеттік ұйымдар жалақысының көтерілуіне байланысты мемлекеттік бюджеттен 1 млн 300 мың бюджеттік сала қызметкерлері үшін 2010 жылғы еңбекақы төлеу қорына қосымша 274 млрд. теңгеден астам қаражат бөлу қарастырылған. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 1-ші шілдеден бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің орташа жалақы мөлшері 67 мың теңгеден асады. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне қарағанда,  бюджет саласы қызметкерлері кезекті еңбек демалысына шыққан кезде төленетін сауықтыруға арналған жәрдемақылардың да мөлшері артады. Экономист Ілияс Исаев қымбатшылық саудагерлердің жеке пайда табу мақсатында жасайтын тірліктері деп есептейді.  Қазақстан президентінің 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын артыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» деген халыққа жолдауында берілген тапсырмаға сәйкес, бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын 2012 жылға дейін 2008 жылмен салыстырғанда кезең-кезеңмен 2 еселік деңгейге көтеру қарастырылған. Бұл ретте 2009 жылғы 1 қаңтардан және 2010 жылғы 1 сәуірден бастап бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға арттырылған болатын.

XS
SM
MD
LG