Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Кейбір халықаралық сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда демографиялық ахуалдың жақсаруына барлық жағдай жасалған. Алайда кейбір мамандар мен тұрғындар мұндай пікірмен келіспейтіндерін айтып отыр. Алматы қаласы тарихында тұңғыш рет дүние есігін ашқан төрт бала Бекайша, Нұрайша, Гүлайша және Жанайшалар бір жас төрт айға толды.  Олардың әкесі Есентай Қаріп қиыншылық көріп жатқандарын айтты. жақын арада олардың отбасыларында тағы бір қыз дүниеге келегн екен: Сәбилердің ата-анасына Алматы қаласының Айнабұлақ ықшам ауданынан 3 бөлмелі пәтер тек жалға берілген. Бұдан басқа әлеуметтік көмек жоқ деуге де болады дейді сұхбаттасымыз.  «Балалы отбасыларға берілетін мем­лекеттік жәрдемақылар туралы»  Заңына  сәйкес, мемлекеттік бюд­жет есебінен берілетін баланың туылуына орай бір реттік мемлекеттік жәрдемақы мен бір жасқа дейінгі бала күтімі үшін ай сайынғы жәрдемақы беріледі..Заңға сәйкес, бала­ның туылуына орай бір рет­тік мемлекеттік жәрдемақының көлемі: бірінші,  екінші, үшінші баланың туылуына - 30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК); төртінші және одан көп баланың туы­луына - 50 айлық есептік көрсеткіш есебінде жәрдемақы беріледі. Ал 2011 жылғы айлық есептік көрсеткіш - 1512 теңгені құрайды.  Демограф ғалым Әзімбай Ғали Қазақстандағы демографиялық ахуал қолайлы жағдайда деген пікірмен келіспейді. Оның пікірінше өзге Орта Азиядағы елдерге қарағанда Қазақстанның демографиясы нашар деңгейде.  Баланың ең аз туылған жылы 1999 жыл болды. Сол кездері Қазақстанда туған балалардың саны 217 мыға дейін кеміп кеткен дейді демограф - ғалым Мақаш аға Тәтімов. Оның айтуынша елдегі демографиялық ахуал жылдан жылға жақсарып келеді.

XS
SM
MD
LG