Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Балқаш түрмесіндегі төтенше жағдай басылып, «Арлан» арнайы жасағының түрмеге шабуылы аяқталғаны турасында ақпарат хабарымыз эфирге шығардың алдында ғана келіп түсті. Бұл операция барысында бір полиция қаза тапқан. Бұған дейін  хабарланғандай өткен түні Балқаш қаласы маңындағы жалпы тәртіптегі колонияда сотталушылар мен түрме әкімшілігі арасында қарулы қақтығыс болып, бір адам қаза болған. Полиция Кеңқияқ ауданында полицейлердің өліміне күдіктілердің толығымен жойылғанын хабарлап отыр. Кеңқияқ тұрғындарының болған оқиғаларға көзқарастары әрқилы.  Жаңаөзенде наразылық білдірген жұрт бірнеше күннен бері қаланың «Тәуелсіздік» алаңына жиналып тұр деп хабарлайды осы аймақтағы тілшіміз. Қазақстанның оңтүстік өңірінде де әлеуметтік жағдай өршіп барады,  атамекеніне оралған қазақ азаматтары жағдайларының қиындығына шағымданып, облыстық әкімшілік алдында наразылық акциясына бастап аштық жариялаған, олардығ біреуін полиция алып кеткен. Қазақстанда соңғы уақыттары кең етек ала бастаған әлеуметтік және экономикалық наразылықтар нені білдіреді деген сауал төңірегінде оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлі Азаттық радиосына өз пікір-көзқарасын білдірген еді.  .

XS
SM
MD
LG