Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Ұлттық ядролық орталық Қазақстандағы полигон аймағын қауіпсіз деп тауып, ол жерлерді 2014 жылға қарай халық шаруашылығына пайдалануға беруді ұсынып отыр. Ал атом саласында ұзақ жылдар қызмет жасаған мамандар болса, орталықтың бұндай шешімді негізсіз шығарып отырғанан айтып, полигон аймағы қолданысқа берілетін болса, адам денсаулығына ғана зиянын тигізіп қоймай ондағы қалдықтардан қару-жарақ жасап сататын, терроризмнің кең етек жаюына жол ашатын аймаққа айналады дейді. Сонымен қатар тәуелсіз қазақстандық сарапшылардың айтуынша,  полигон аймағында менделеев таблицасындағы барлық элементтердің  болуы полигон жерін пайдалануға деген адамдардың қызығушылығын арттырып отыр. «Ирис» ядролық апаттан зардап шекендер қоғамдық қорының  мүшесі  Гүлсім Кәкімжанова ұлттық ядролық орталықтың халық шаруашылығына жердің пайдалануға берілуі  өздеріне үкім шығарумен тең дейді. Үкіметтік емес ұйымдардың экологиялық форумының үйлестіру кеңесінің мүшесі Кайша Атаханова бірнеше жылдар бойы халықаралық ұйымдармен бірігіп радоциялық орталдықтардың  қауіпсіздігін зерттеп жүргенін алға тарта отырып, халық шаруашылығына полигон аймағын беру үлкен қателік деді. Оның айтуынша, әлемдегі ешбір мемлекет полигон аймақтарын пайдалануға  берген емес.

XS
SM
MD
LG