Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Балқаштағы АК-159/21 колониясындағы жарылыс болған жерден тағы екі адамның мәйіті табылды деп хабарлады Қазақстан әділет министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Сұлтан Күсетов түстен кейін Астанада өткен брифингте. Бұған дейін ол жерден 14 адамның сүйегі аршып алынғаны хабарланған еді, Азаттық тілшілері оқиғаның мән-жайын зерттеп көрген болатын. Ақтөбе облысының ІІД Темір ауданы тұрғындарының қолдарында бар қару-жарақтарын ерікті түрде шұғыл тапсыруды талап етті, ал арнайы опреция жүргізіліп, полицияға оқ атты деп күдіктелгендердің 9-ы өлтірілген Кеңқияқ ауылында дүйсенбі күні аза тұтылды. Тұрғындар операция барысында үйлеріне, мал-жандарына зақым келтірілгенін айтқан Азаттық радиосының тілшісіне. Ауғанстан президенті Хамид Карзайдың бауыры Ахмед Уәли Карзайдың өз үйінде қастандық құрбаны болғаны жөнінде әлемдік ақпарат агенттіктері хабаралар таратып жатыр.  Wordpress порталын жауып тастаған «Қазақтелеком» оның қайта ашылатынын мәлімдеп отыр, бірақ анқыт қашан екендігін айтпайды. «Назарбаевқа Стинг сабақ болды ма?»  деген мақаласында Foreign Policy журналының редакторы ғасырлар бойы бірқалыптан өзгермей келе жатқан  өнер адамдары мен диктаторлардың қарым-қатынасы жайында жазады.

XS
SM
MD
LG