Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Бұрынғы қазақстандық банкир Мұхтар Әблязовқа Ұлыбританиядан саяси баспана алды. Қазақстандық сарапшылар бұл шешім Қазақстанның сот жүйесіне деген сенімсіздікті көрсетеді дейді Азаттыққа білдірген пікірлерінде. Алматыда шілденің 13-і күні Қазақстандағы сопылық топтың жетекшісі Исматулла Мақсым  және  «Сенім.Білім.Өмір» республикалық бірлестігінің жетекшісі Саят Ибраев пен осы ұйымның бірқатар мүшелеріне қатысты кезекті сот отырысы өтті. Айыпталып отырған 9 адамның ішінде Исматулла Мақсымға кейбір ақпараттарға қарағанда қылмыстық синдикат құрды немесе заңгерлердің тілімен айтқанда мафия құрды деген айып тағылған. Астана күні қарсаңында Батыс Қазақстанда ереуілге шыққан мұнайшыларды қолдап концерт қоюдан бас тартқан Британдық әнші Стингке Қазақстан билігінен әділеттік таппағандықтарын айтқан Ақтөбелік полицейлер көмек сұрап хат жазды. Қарағандыдағы Ақытқажы мешітінің имамы Жанарбек Минбарұлы облыстағы және жалпы Қазақстандағы діни ахуал турасында көзқарас-пікірімен бөлісіп, Азаттық радиосына сұқбат берген еді. .

XS
SM
MD
LG