Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Шаңырақ оқиғасына бес жыл толды. 14-ш шілде күні Шаңырақ жұрты  бес жыл бұрынғы жер дауында қарапайым тұрғындар мен билік арасында болған қақтығыста қаза тапқан полиция мен сотталған азаматтарды еске алып, арнайы шара өткізді. Сотталған азаматтардың туыстары рақымшылық туралы заң аясында қандай да бір жеңілдік бола ма деп үміттенеді. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, төрт азамат ұзақ мерзімге сотталды. Олар қазір республиканың түрлі аймақтарында түрмеде отыр. Бұлар – Арон Атабек, Құрманғазы Өтегенов, Ерғанат Тараншиев және Рүстем Тұяқов. Төрт азамат та өздеріне тағылған айыппен келіспейді. Күні кеше ғана Британиядан саяси баспана алған қазақстаныдық бизнесмен Мұхтар Әблязов Лондоннан хат жолдап, Ақылсыз биліктен Қазақстанға төніп тұрған қиындық пен қауіп - қатерді айтып, қазіргі билікк қарсы қандай да бір әрекетке шақырған үндеуіне орай қазақстандық саясаткерлер хатта айтылған жайттарға қолдау білдіретіндерін айта келіп, ендігі жерде елде радикалды оппозиция пайда болады деген үміттерін де жасырмады. Женевада БҰҰ-ң адам құқтары бойынша комитеті Қазақстандағы адам құқтарының жағдайына қатысты тыңдау өткізіп жатыр. Қазақстан делегациясын бастап барған әділет вице-министрі Дулат Құсдәулетов баяндамасны Қазастанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерінен бастады. Халықаралық «Хюман райтс вотч» ұйымы президент Джордж Буштың әкімшілігінде қызмет еткен жоғары лауазымдылардың бірқатарын тұтқындарды азаптауға жол бергендері үшін жазаға тарту керек деген талап қойып отыр. .

XS
SM
MD
LG