Accessibility links

Денсаулық


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Денсаулық сақтау ұйымы жүргiзген зерттеулер нәтижесiнде, Қазақстан арақ-шарап өнiмдерiн тұтынуда Азия елдерінің ішінде бірінші орынға  көтерілді. Мамандар бұл сырқатпен күреске тек дәрігерлер ғана емес науқастардың отбасы мен қоғам ат салысуы керек дейді. Алматы қалалық наркология орталығында алкоголизм дертінен емделіп жатқан 31 жасар Азаматтың ішімдікті салынғанына бес жыл болған екен.  Ол алғаш рет ащы суды 9 сыныпты бітірген кезде татып көріпті. Алкогольді ішімдіктерде - этанол спирті болады. Этанолдың адам ағзасына тигізетін кері әсері умен шектелмейді. Этил спирті биохимиялық және қозғалыс өзгерістерді тудырады дейді мамандар. Этанол - орталық жүйке жүйесіне кері әсерін тигізетін табиғи психобелсенді зат болып табылады.  1975 жылы Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы арақты адам ағзасы мен психикасын бұзатын есiрткi заты ретiнде жариялады. Бүкiләлемдiк денсаулық сақтау ассамблеясының  қарарында: «Маскүнемдiк адамзатқа қауіп төндіретін аурулар қатарында тұр» делiнген. Орталық бас дәрігерінің реабелитациялық жұмыстары жөніндегі орынбасары Күләмшә Мерзадинова алкоголизм созылм алы кесел деп санайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпараттары бойынша,  әлемдегі өлімнің 4 пайызы алкоголь салдарынан болады екен. Статистика бойынша, ішімдіктен зардап шегетін елдер қатарында Ресей мен ТМД елдері алғашқы орында тұр. Бұл мемлекеттерде әрбір бесінші адам алкоголь әсерінен қайтыс болады.

XS
SM
MD
LG