Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Бұрын да хабарлағанымыздай, Женевада БҰҰ-ң адам құқтары комитетінің Қазақстанға арналған сассиясында адам құқтарының жағдайы бойынша Қазақстан делегациясының есебі тыңдалып, жұма күні қазақ делегациясының өкілдері комиссия мүшелерінің түрлі сұрақтарына жауап беруге тырысты. Сауалдардың бірқатары Қазақстан биыл еліне қайтарған өзбек босқындары турасында болды. Женевадағы бұл талқылау барысы БҰҰ-ның ustream сайты мен Азаттықтың сайтында онлайн режимінде көрсетілді. Көрсетіліп те жатыр. Жұма күні www.zakon.kz сайтында онлайн конференция өткізген Қазақстан премьер министрі сұрақтарға жауап беру барысында алдағы күндері Азаттық радиосының сайтында да онлайн конференция өткізіп, оқырмандардың сұрақтарына жауап беретіндігін айтты. Алматыдағы АГУ алдында жабылған бөлімдердің студенттері наразылық акциясын өткізіп,  Білім министрі Бақытжан Жұмағұловқа хат жолдады. Абай атындағы Қазақ ұлттық педогогикалық универсиетінің бес мамандығы бойынша кафедралар жабылады. Олар саясаттану, журналистика, экономика және құқық негіздері, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару. Балқаш қаласындағы түрмеден қашпашы болған тұтқындарыдң бүлігін басу барысында жарылыс болып, 16 адам қаза тапқан еді. Сол құрбан болғандардың туған-туыстары мәйіттерін ала алмай жүргендерін айтса, қаза тапқандардың аты-жөндері де әлі күнге толық жария етілген жоқ. Жақында Алматыдан бір топ өнер қайраткері «Шыңғыс хан ізімен» атты жоба бойынша экспедицияға аттанғанын айтқан едік. Жарты ай бойына Моңғолия жеріне сахаттаған экспедиция қайтып оралды. Жобаның жетекшісі белгілі режиссер Рүстем Әбдірәшев тарихи деректерді жинақтай отырып, көпшілік назарына бірнеше топтамадан тұратын деректі фильм ұсыну мақсаты орындалды, көптеген қызықты жайттарға куә болып қайттық дейді Азаттыққа берген сұқбатында. .

XS
SM
MD
LG