Ағартушы-педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы Ыбырай Алтынсаринді жайлы Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін көптеген қазақ зиялылары орыстандыру саясатын жүргізуде белсенді рөл атқарған және қазақтың төте жазудан кирилицаға көшуіне ат салысқан адамдардың бірі ретінде қабылдап келген болатын. Алайда оның өмір тарихы мен еңбектерін зерттеген кейбір әдебиеттанушылар бұл пікірдің қате екенін дәлелдеп шықты. Солардың бірі әдебиеттанушы Мекемтас Мырзахметов Ыбырай Алтынсарин кирилицаны қазақ балаларын сауаттандыру үшін, европаша білім алуларына жол ашу үшін пайдаланған деді. Мекемтас Мырзахметов Ресей орыстандыру саясатын жүргізуде қазақтар арасынан шыққан санаулы ағартушылар мен зиялы қауым өкілдерін пайдаланды деді. Оның айтуынша, зиялы қауым мұны жақсы білгенмен қолдарында билік болмағандықтан қарсы тұра алмаған. Мекемтас Мырзахметов Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» кітабы сияқты «Мұсылмандық тұтқасы» атты кітабын да кирилицамен шығармақ болғанда, халық қарсы болатынын алға тартып, келісім бермеген деді.