Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Еуропарламент депутаттары дүйсенбі күні Қаражамбас  мұнайшылармен кездесті Еуропа парламентінің депутаты Пол Мерфи бастаған делегация енді қазақстандық мұнайшылардың ереуілі мен талабы жайында Еуропарламентте баяндама жасаймыз деп уәде етті. Шілденің 18-і күні билік өкіліне қарсылық көрсетті, сотқа құрмет көрсетпеді деген айыптармен екі жылға сотталған  оппозиция белсендісі Айдос Садықовтың түрмеде отырғанына 1 жыл толды. Оның әйелі күйеуінің жағдайы нашар, денсаулығы сыр беріп жатыр дегенді айтады. Алайда, осы жылы болмақшы рақымшылыққа ілінетіндігінен үміт жоқ дейді Айдос Садықовтың әйелі. Жол—көлік апаты салдарынан кісі өліміне жол берді деген айыппен төрт жылға сотталып, бұл күндері екі апталық демалысқа шыққан  құққықорғаушы Евгений Жовтис те рақымшылыққа ілінуден үмітсіз екендігін айтады. Қытай жерінен қырғыз іздеген Азаттық радиосы журналисінің көрген –білгендері Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялы аймағында мекендеп жатқан азшылық ұлттар өкілдерінің тыныс-тіршілігі жайында Азаттықтың тілшісі Жаңыл Жүсібжан әңгімелейді. Бұл күндері Астанада экс-министр Жақсылық Досқалиевке қатысты сот өтіп жатыр. Қазір негізгі куәгерлер мен айыпталушылfрдан жауап алынып бітті. Енді екі жақтың уәждері тыңдалып жатыр. Айта кету керек, сот процессі алқа билердің қатысуымен өтіп жатыр.

XS
SM
MD
LG