Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Немістің  "Билд" газеітінің хабарлауынша, Қазақстан президенті Н. Назарбаев Германияның солтүстігінде ауруханада жатыр, бірақ оның қандай cырқаттан емделіп жатқаны айтылмайды.  Астана қаласында діни-экстремистік әрекетке қатысы бар азаматтарды айқындау мақсатында өткізілген іс-шара барысында ішкі істер органдарына екі жүзден астам адам жеткізіліпті. Бұл туралыАстана қалалық ішкі істер департаментінің Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Талғат Жұманов мәлім етті. Ал діни мамандар тәркіленген әдебиеттердің діни-экстремистік сипатқа ие екенін арнайы сараптама арқылы дәлелдеу керек дейді. Қазақстанда осы күндері Еуропаламент депуттары жүр. Олар Қарағандыдағы шахтерлермен, Батыс қазақстандағы екі айдан бері наразылық шарасын өткізіп жатқан мұнайшылармен кездесу өткізіп үлгерген. Енді олар Алматыда баспана мәселесін шеше алмай жүрген азаматтармен кездесуді жоспарлап отыр. ТМД елдері еуродан гөрі долларға көбірек басымдық береді. «Гэллап» ұйымы өткізген сауалнама бойынша, ТМД халқының басым бөлігі артық ақшасын өз елінің ұлттық валютасымен сақтағанды жөн көреді. Ал шетел валютасынан олар АҚШ долларын көбірек құп көреді. Сұралғандардың орта есеппен 29 пайызы артық қаржысын доллармен сақтауды қаласа, тек 9 пайызы ғана еуроға сенім білдірген. Ал Ресей рублімен қаржы жинағысы келетіндер жоқтың қасы. Қазақстандағы көппартиялы парламент құру үрдісі әлеуметтік наразылықтарды күшейтіп жіберуі ықтимал деп жазады Eurasia View басылымы өзінің соңғы сандарының бірінде Қазақстандағы саяси-әлеуметтік ахуалға шоли жасай келе. 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап Ресей, Беларусь және Қазақстан шекарасындағы кедендік бақылау алынып тасталғаны белгілі. Қазақстанның тәуелсіз кәсiпкерлер қауымдастығының вице-президенті Тимур Назхановтың пікірінше, қазіргі уақытта кәсіпкерлер Кеден Одағының құрылуынан еш пайда көріп отырған жоқ. Ал түрлі тауарлар бағасының артуы қарапайым тұтынушыны да қуантпайды. Ол Кеден Одағының  болашағы да бұлыңғыр деген ойда.

XS
SM
MD
LG