Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жарлығымен жақында Қазақстанда 2011-2020 жылдар аралық тілдерді дамыту мемлекеттік бағдарламасын бекітті.  Алайда мамандар қазіргі саясатты өзгертпесе бұл бағдарлама өз мақсатына жетпейді дейді. Алматы қаласының тұрғыны және үш баланың анасы Ақмарал Момынова  ағылшын тілін меңгеру қажет деп санамайды екен. Ол үлкен қызын 5 жасында ағылшын тілін оқытатын арнайы курсқа берген екен. Алайда осы шешімді қабылдағанымызға өкінеміз дейді Ақмарал Момынова, себебі бала есте сақтай алмай қиналған екен. мемлекеттік тілді дамыту институтының директоры Бижомарт Қапалбеков балабақшаларда да ағылшын тілін оқыту көрініс тауып отыр дейді. Мұның бәрі де қазақ тілінің беделінің төмендігіне байланысты дейді маман.  2011-2020 жылдарға арналған  тілдерді дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша, мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 80%, 2020 жылға қарай - 95 % болады деп жоспарлануда. Ал журналист Мырзан Кенжебай осы уақытқа дейін көптеген бағдарламалар қабылданды дегенмен ешқайсысы да дұрыс нәтиже бермеді  дейді.

XS
SM
MD
LG