Accessibility links

Дөңгелек үстел


please wait

No media source currently available

0:00 0:30:00 0:00
Жүктеп алу

Қазақстанда премьер-министр мен министерлер, облыс пен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне дейінгі жоғары лауазымды шенеуніктер өздерінің қызметтерін қазіргі президенттің өзіне деген «сыйлығы» ретінде қабылдайды. Кез-келген шенеунік өзін жоғарғы қызметке тағайындаған кезде, ең алдымен, бар алғысын президентке арнап, Конституцияға немесе тіпті халыққа да емес, нақ президентке адал қызмет етуге ант-су ішеді. Мұндай шенеуніктер орынды-орынсыз президентке адал қызмет ететінін айтудан жалықпайды. Қазақстанда ең ауқатты, ең байлар болып кәсіпкерлер немесе банкирлер емес, жоғары лауазымды шенеуніктер саналады. Президент Назарбаевтың екінші күйеу баласы Тимур Құлыбаев пен Болат Өтемұратовтың миллиардерлер есебінде «Форбс» журналының тізіміне - ұлттық компанияда немесе мемлекеттік қызметте жүрген жылдарында кіруі соған бірден-бір мысал бола алады. Ал Орта Азияның өзге елдерінде жоғарғы лауазымды шенеуніктер қалай ғұмыр кешіп жатыр? Азаттық Радиосының орыс тілінде өткен дөңгелек үстелінде осы тақырып талқыланды. Әріптесім Сұлтан Хан Аққұлұлы жүргізген дөңгелек үстелдің жазбаша мәтіні мен толық аудио нұсқасын Азаттық Радиосының Интернет-сайтынан оқып тыңдауға болады.

XS
SM
MD
LG