Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Қазақстандағы АҚШ елшілігі Америка үкіметі Қазақстанды қандай да бір жолмен террорды қолдап отырған ел деп қарастырмайды, керісінше Қазақстанды террорға қарсы ортақ күрестегі стратегиялық әріптес деп танимыз деген мәлімдеме таратты жұма күні. Сыртқы істер министрлігі  Қазақстанның Америка ұлттық қауіпсіздік министрлігінің "терроризм қаупі бар" бар елдер" тізіміне енгеніне алаңдаушылық білдірді. Сондай ақ «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында «Терроризм: оған қарсы тұру мәселелері» атты тақырыпта халықаралық-тәжірибелік конференция  өтті. Жұма күні оппозициялық журналист Гүлжан Ерғалиеваның сайты қайтадан  ашылмай қалды Сайт ұжымы мұны интернет-ресурста шыққан мақалалармен байланыстырып отыр. Қазақстан мамандары «қолдан келер дәрмен жоқ» деп дағдарып отыр.  Жалпы Guljan.org сайтының ашылғанына екі ай да толған жоқ, сайт DDOS-шабуылға ұшырады. Сайттың негізін қалаушы, журналист Гүлжан Ерғалиеваның айтуынша, виртуалды шабуыл өткен аптаның сенбі күнінен басталған екен.  Лондонда аста-төк байлықта шалқып жүргген ханшайым Гога деген кім? Қарағандыдағы Ақытқажы мешітінің имамы Жанарбек Минбарұлы облыстағы және жалпы Қазақстандағы діни ахуал турасында көзқарас-пікірімен бөлісіп, Азаттық радиосына сұқбат берген еді.

XS
SM
MD
LG