Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Қазір жаздың қақ ортасы, дегенмен балалардың барлығы  жаз кезінде дем алып, көңіл көтеруді ойламайды.  Біз сұхбаттасқан балалар жазды табыс табу уақыты деп есептейді. Алматы қаласында жұмыс істейтін балалардың көбі базарда, қоғамдық көліктерде, асханалар мен кафелерде жұмыс істеп жүргенін жиі байқауға болады. Ал ауыл балаларының көбі терімшіліктпен айналысып, мал бағады. Ермек Алтаев Алматы қаласындағы мектептердің бірінде оқиды. Ол қазір көк базарда сауда саттық жасап тұр. Оның табысы күніне мыңжарым екі мың теңге екен. Жасөспірім тапқан ақшасына мектеп формасын және ұялы телефон сатып алмақшы. Айбек Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданында 7 сынып оқушысы. Ауыл баласы жаз бастала өз нәпақасын өзі тауып жүргеніне үш жыл болған. Оның күні бойғы еңбегіне 600-700 теңге төленеді. Ол ақшасын күзге дейін жинап, мектеп құралдарын, сабаққа киетін киім сатып алады. Мейрамгүл көп балалы ана. Оның күйеуі ғана жұмыс істейді. Күйеуінің алатын 40 мың теңге жалақысы мен көп балалы ана ретінде алатын жәрдемақысы күн көріске жете бермейді дейді.  Оның төрт баласын қыркүйекте мектепке  барады. Мектеп формасы мен оқу құралдарын сатып алуға 100 мың теңге ақша кететіндігін айтады. Ол балаларымның қолқабыс еткені үлкен көмек дейді. Мейрамгүлдің айтуынша ауыл балаларының көбі жаз уақытында терімшілікпен айналысады. Өйткені балалардың бос уақытын дұрыс пайдалануына ауылда еш жағдай жасалмаған. Ол балаларға арналған демалыс орны ашылса дейді. Қазақстан дағдарыс орталықтары одағы басқармасының төрайымы Зульфия Байсақованың айтуынша елдегі жұмыс берушілер әрдайым балалардың еңбек құқығын сақтай бермейді. Көп жағдайда олар балаларға аз ақша төлеп көп жұмыс істеткізеді деп отыр. Зульфия Байсақоа Қазақстанның заңдарында балалардың еңбек  құқығы жақсы қорғалған, алайда сол заңның орындалуы қиынға соғып отыр дейді. Мамандардың айтуынша балалардың жұмыс істеуі бүгінгі күні қалыпты жағдайға айналып бара жатыр.

XS
SM
MD
LG