1. Екі айдай ереуілдеген мұнайшылардың жағдайын елдегі емес еуропалық парламент депутаттары біліп қайтты 2. Қазақстандық жұмысшылардың әлеуметтік наразылығы мен мұң-мұқтажын естіп қайтқан еуропалық депутаттар елдегі әділетсіздік пен заңбұзушылықтарды тізіп жазып кетті 3. Қазақстан президенті құпия жағдайда қуығына Германияда операция жасатты деген хабар кең тарағанымен, билік оны растамады, не жоққа шығармады 4. Қашан болатыны белгісіз парламент сайлауына дайындық – билікке жақын партиялар бірігіп, оппозиция ортақ қозғалыс құрып отыр 5. Ақтөбедегі діндарлардың шабуылынан кейін Астанада 200-ден аса діни адам полицияның құрығына түсіп, 76-сы бақылауда жүру үшін тіркеуге алынды 6. АҚШ департаменті Қазақстанды терроризм қаупі бар елдер санатына қосып, Астананы ашуландырып алды