Ақтөбеде тағы да атыс болды, оққа ұшқандар бар Полицияның айтуынша, бұл оқиғаның Шұбарши мен Кеңқияқтағы бұған дейін болған атыстарға еш қатысы жоқ. Жергілікті тұрғындар болса Азаттық радиосына Ақтөбенің соңғы уақытта не себепті атыс пен жарылыс «ошағына» айналып кеткені турасында ой бөліседі. Астана қаласында «Халыққа баспана қалдырайық» қозғалысының белсенділері және қазақстанның сегіз аймағынан келген үлескерлер бірге «Самұрық қазына ұлттық әл-ауқат қорының» басшыларымен және бірқатар банк өкілдерімен кездесті. Олар аталған қор басшыларынан банк борышкерлері мен үлескерлерінің банк алдындағы қарызын қайта қарастыруды талап етіп отыр. Қазақстан президентінің саяси кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев «президенттің мұрагері бола алатын бірден бір адам ретінде күйеу баласы Тимур Құлыбаевты атауы Тимур Құлыбаевтың өзін де аң-таң калдырған сыңайлы. Ал қазақстандық сарапшылар болса мұның каезекті «ойын» екендігін айтады.