Алматы қаласының тұрғыны және кәсіпкер Айдын Ахметқалиев бір жылдан бері Ресей елінен ағаш өнімдерін әкеліп, оларды Қазақстанда сатумен айналысады екен. Кеден Одағы құрылғалы бері бірқатар өзгерісті байқағанын айтқан ол бірінші шілдеден кейін бір құжатты алып тастады дейді. . Кеден органдары Кеден одағының ішкі шекараларында ішкі бақылауды 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап, Ресей, Беларусь және Қазақстанның Бірыңғай экономикалық кеңістігін қалыптастырудың кезекті кезеңі аясында бақылауды тоқтатты. Алайда Айдын Ахметқалиев Кеден Одағынан келетін пайдадан гөрі қиындықтар көп туындап отыр деп санайды. Сондықтан да ол Одақтың құрылуын қолдамайды екен. Кеден одағы 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап, бірыңғай тарифтерді енгізумен қызмет етуін бастады. Одақтың ішкі шекараларында тауарлардың басым бөлігі бойынша өткен жылдың 1 шілдесінен алынып тасталған. Қазақстанның тәуелсіз кәсiпкерлер қауымдастығының вице-президенті Тимур Назханов Кеден Одағы қазір шағын кәсіпкерлерге көмектесіп отырған жоқ дейді. Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінің мемлекет бас¬¬шылары 2006 жылдың 16 тамы¬зында үш ел ара¬сында Кеден одағын құру жөнінде шешім қабыл¬дады. Содан бастап осы одаққа бірігу жөнінде дайындық жұмыстары жүргізілген болатын. 2007 жылдың 6 қазанында Кеден одағын қалыптастырудың 2008-2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары бекітілді. Тимур Назханов Кеден Одағы кәсіпкерлерге көмектесе алмады дейді: Қазақстанның алкоголь өнімін өндірушілер қауымдастығының президенті Әміржан Қалиев Қазақстан Кеден Одағына қатысты барлық қажетті талаптарды орындады дейді. Ол алкоголь өнімін өндірушілер үшін Ресей үлкен нарық дейді. Алайда маманның айтуынша Кеден, Одағына артқан үміт ақталмаған екен. Әміржан Қалиев та туындап отырған қиындықтар көп дейді.