Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Ереуілдеп жатқан Маңғыстау мұнайшыларының бүгінгі ахуалына тоқталамыз. Мұнайшылардың өздеріне қолдау көрсеткен Британ әншісі Стингке алғыс хатымен қатар Еуропарламент депутаттарының Қазақстан президентіне жазған үндеуі ақпарат құралдарында жарияланды. Олар Қазақстанның батыс өңірінде өз құқықтарының орындалуын талап етіп, полициядан құқай көрген жұмысшылардың жағдайына алаңдап отырғандарын айтады. «Қазіргі президент Назарбаевтың мұрагері Құлыбаев болуы мүмкін» деген өз пікірімді ғана айттым деп Ертісбаев ағынан жарылғанымен, қуғынға ұшыраған бизнесмен мұның жайдан-жай айтыла салған сөз емес екендігіне назар аударады Азаттыққа берген сұқбатында.  Норвегияда өткен жұма күні болған қанды қырғын мен оның себеп-салдары жайында осы елдің Осло қалсында 32 жылдан бері тұрып келе жатқан қазақ азаматы, Норвегиядағы қазақ мәдени орталығының жетекшісі Махмұт Башташ мырзамен сұқбатымызды да бүгінгі хабарымыздан тыңдай аласыздар. БТА банкінің  2008 жылдан бері борышкері, Павлодар қаласының тұрғыны Жоламан Нүркенова  аталған банк алдындағы қарызын өтей алмауы себебінен банк оның үйін 20 мың долларға сатып жіберген. Банк өкілдері мен сот орындаушылары үйді босатуды талап етіп келген уақытта Жоламанның 39 жасар ұлы оныншы қабаттан секіріп қаза тапқан. Жоламан Нүркенова  БТА банкінен 2008 жылы 3 млн 600 мың теңге қарыз алса, оның қазіргі қалған берешегі 600 мың теңгені болған. Қазір Нұркеновтер  отбасындағы  он бес жан жатақхананың екі бөлмесін 15 мың теңгеге жалдап тұрады. Жоламан Нүркенова ұлының биік қабатты үйден секіріп кетуіне  не себеп болғаны жайлы және отбасының бүгінгі жағдайы туралы арнайы сұхбат берген болатын. .

XS
SM
MD
LG