Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Ақтөбеде атыс  әдетке айналып барады, қала орталығында  жұма күні тағы болған атыстың куәгері және зардап шеккен тұрғын сөз алады. Қазақстанның батысында мұнайшылар ереуілінің жалғасқанына 2 айдан асып кетті,  алайда олардың қойып отырған еңбек талаптарын қарастырып жатқан компания басшылары немесе билік өкілдері байқалмайды, есесіне жұмысшылардың тәуелсіз кәсіподағының заңгері Наталья Соколоваға қарсы сот болып, ереуілшілер жұмыстан шығарылуда. Қазақстан туристерін қамап келген өзбек билігінен әзірге жауап жоқ Өзбекстанда қамауда жатқан қазақстандық туристердің балаларын өзбек билігі сенбі күні үйлеріне қайтаруға уәде беріп отыр. Ал ересек туристердің елге қашан қайтатыны әлі белгісіз. Биыл ақын Мұқағали Мақатаев 80 жасқа толды.  29-30 шілде күндері  ақынның туған жері Қарасаз жерінде мерейтойы аталып өтуде.  Мұқағали өзі жырлап өткен Саржайлауында ақынның  өлеңдері оқылып, қайта жөндеуден өткен мұражайы ашылды.  Республикалық әдеби-мәдени «Мұқағали» журналының бас редакторы Батық Мәжитұлы ақын өмірінің көпшілік біле бермейтін тұстары мен және жастар арасында Мұқағали өлеңдерінің кең таралуына  не себеп болғаны жайлы әңгімелеп берген болатын.

XS
SM
MD
LG