Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Ақтөбе аймағында соңғы уақыттары болып жатқан оқиғалар жайында құқық қорғаушылар мен жергілікті тұрғындардың пікір-көзқарастары. Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Алмат Иманғалиев хабарлады тағы бір адамның оққа ұшқанын хабарлады.. Ол күдіктінің 10 шілде күні оқ тиіп қаза тапқан 22 жастағы  ер адамның өліміне қатысы барын айтты. Соған орай қылмыстық іс қозғалып, төрт күдіктінің тұлғасы анықталған. Алмат Иманғалиев мұның «Шұбарши мен Кеңқияқта болған оқиғаларға еш қатысы жоқ екенін» де атап өтуді ұмытпады. Дегенмен жергілікті тұрғындары бұл жайттардың барлығы да бір-бірімін ұштасып жатқан жайттар деп ойлайды. Шілде айының басында Ақтөбе облысы Темір ауданында екі полицейді өлтірген қарулы топқа қарсы арнайы операция басталып, оннан астам адам қаза тауып, екеуі Кеңқияқ пен Шұбарши маңынан ұсталған. Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылының тұрғыны Ардақ Құбашева Ақтөбе облысында болған жағдайға кінәлі жергілікті билік пен құқық қорғаушылар дейді. Ол ауылға сауатты имам керек дейді. Адам құқығын қорғау бюросының Ақтөбедегі бөлімшесінің жетекшісі Ольга Климонованың пікірінше, Ақтөбе «мұнайлы өлке болғандықтан мұнда әртүрлі мүддені көздейтін топтар жиналған».

XS
SM
MD
LG