Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жарлығымен жақында Қазақстанда 2011-2020 жылдар аралық тілдерді дамыту мемлекеттік бағдарламасын бекітті.  Алайда мамандар қазіргі саясатты өзгертпесе бұл бағдарлама өз мақсатына жетпейді дейді. Алматы қаласының тұрғыны және үш баланың анасы Ақмарал Момынова  ағылшын тілін меңгеру қажет деп санамайды екен. Ол үлкен қызын 5 жасында ағылшын тілін оқытатын арнайы курсқа берген екен. Алайда осы шешімді қабылдағанымызға өкінеміз дейді Ақмарал Момынова, себебі бала есте сақтай алмай қиналған екен. мемлекеттік тілді дамыту институтының директоры Бижомарт Қапалбеков балабақшаларда да ағылшын тілін оқыту көрініс тауып отыр дейді. Мұның бәрі де қазақ тілінің беделінің төмендігіне байланысты дейді маман.  Шеттегі танымал болған қазақтармен таныстырып отыру, олардың тұрмыстары, кәсіптері қандай, олар тілі мен салт-дәстүрін қалай сақтап отыр, балалары қай тілде сөйлейді, Қазақстанға қоныс аудаурды қалай ма, міне осы тәріздес мәселелер кеңінен қамтылады.

XS
SM
MD
LG