Accessibility links

Руханият


please wait

No media source currently available

0:00 0:14:30 0:00
Жүктеп алу

Қасиетті Рамазан айы 1 тамыз бен  29 тамыз аралығына  созылады. Рамазан айы - мұсылмандар үшін  ерекше ықыласқа толы ай, шарапаты мол, iзгi ниеттi iске сауабы көп, жыл он екi айдың ең қадiрлiсi. Рамазан айы - Құранның, құлшылық пен тәуба, кешiрiмнiң айы. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі Рамазан айы айлардың сұлтаны дейді: Әбсаттар қажы Дербісәлі пітір садақаның көлемі әр аймақта әр түрлі болады дейді.  Әбсаттар қажы Дербісәлі Рамазан айы  алдындағы үндеуінде азық-түлік нарқын, қонақүйлер мен қоғамдық қызметтердің бағасын 10 пайызға жеңілдетуге шақырды. Алайда «Қағанат» ғылыми-мәдени орталығының президенті, жазушы Бейбіт қажы Сапаралы бұл мемлекет ісіне араласу деп санайды: Бейбіт қажы Сапаралы діни мәселелер тәуелсіздік алғалы бері жиі көтеріліп жүр дейді.  Бас мүфти Ақтөбедегі мәселелер туралы ресми ақпарат көздерінен оқып білгенін айтты: Естеріңізде болса, шілде айының басында Ақтөбе облысы Темір ауданында екі полицейді өлтірген қарулы топқа қарсы арнайы операция басталып, оннан астам адам қаза тапқан еді. Кейіннен Ақтөбе полициясы бұл азаматтарды көптен бері «діни идеяларды жамылып, Кеңқияқ пен Шұбарши маңындағы құбырлардан мұнай ұрлап, тағы басқа қылмыстар жасаған» ұйымдасқан қылмыстық топпен байланыстырған болатын. Бейбіт қажы Сапаралы жағдай ушықпай тұрғанда көңіл аудару керек еді деп санайды.

XS
SM
MD
LG