Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Қазақстандық құқық қорғаушы Евгений Жовтис мерзімінен бұрын шартты бостандыққа шықпайтын болды. Дәрігерлер ісі бойынша Астанада жалғасып жатқан сот процесінде сейсенбі күні прокурор басты айыпталушы - бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевке жеті жыл түрме жазасын кесуді сұрады. Дүйсенбі күні ғана прокурордың ұсынысымен одан қызмет бабын асыра пайдаланды деген қылмыстық айыптау алынып тасталған болатын. Каспий жағалауындағы бес ел әскери күштерін жарыса нығайтып жатыр. Жағалау елдерінің 20 жылдан бері Каспийдің құқықтық мәртебесін анықтай алмай келе жатқаны да аян.   Шілденің соңғы күндерінде Қашқар қаласында болған шабуылдар барысында қаза тапқандардың саны кемінде 19 адам болды деп жазады батыс ақпарат құралдары. Қытай билігі бұл жолғы шабуылды Пәкістанмен шекаралас аймақтағы ислам лагерлерінде жаттыққан жергілікті ұйғырлар жасады деп айыптап отыр. Өткен жылғы апат құрбандары - Қызылағаш тұрғындары халықтан жиналған ақшаның орнымен  жұмсалмай отырғанын айтады.

XS
SM
MD
LG