Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:30:00 0:00
Жүктеп алу

Екі айдан астам уақыттан бері ереуілдеп жатқан Жаңаөзен мұнайшыларына қолдау білдірген Ақтау қаласының мұнайшылары да осы қаладағы орталық алаңға жиналып жатыр деп хабарлайды біздің аймақтағы тілшіміз. Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевқа қарсы соттағы дүйсенбінің жаңалығы – прокуордың ұсынысымен Досқаливқа тағылған қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыптау алынды, айыпталушының бірі – Садықов сот залынан бостандыққа жіберілді. Жолдан адасып, Өзбекстан территориясына өтіп кеткен қазақстан туристеріне тағылған айыптың барлығы алынып тасталды. Екі апта бойы Ташкентте қамауда болған туристер енді өзбек билігінің үстінен шағым түсіретінін айтып отыр. Жаңаөзендегі кеніште болған өрттен бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алған. Жұмысшылардың кейбірі бұған компания басшылығының салғырттығы кінәлі дегенді айтады. Халықаралық қауымдастық Сирияны 136 адамның қазасы үшін айыптап, ББҰ-ның төтенше жиынын өткізуге шақырып отыр.

XS
SM
MD
LG