Балқаш түрмесінен 4 тұтқынның қашқаны және олардың 11-ші шілдедегі осы түрмедегі бүлік кезінде қаза тапты деп есептеліп келген тұтқындар екені жөнінде қазақстандық ақпарат агенттіктері хабарлар таратқанымен, бұл деректі ресми мекемелердің ешқайсысы растамай отыр. Өзбекстан жағы екі апта қамауда ұстағаннан кейін қылмыстық құрам жоқ деп босатқан қазақ туристерін енді Қазақстан тергеуге алған, оларға қарсы қылмыстық іс қозғалуы да мүмкін екендігі айтылады. Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбарактың соты басталды Орталық Азия елдеріндегі су мәселесі қашан да өзекті: БҰҰ-ның қоршаған орта бағдарламасы Әмудария бассейнінің жағдайы турасындағы баяндамасында қозғалған жайттарға да тоқталамыз. Жұма күні Ақтөбе қаласының іргесіндегі Қызылжар ауылында күдіктілерді қолға түсіру операциясы кезінде Аманбай Аңдабаевтар отбасы жарылыс салдарынан баспанасыз қалды. Қазір оның төрт баласымен вагонда тұрып жатқанына бес күн болған. Үй иесі Аманбай Аңдабаев әкімшіліктен де, ішкі істер департаментінен де әзірге көмек берілмегенін айтады. Ал, Ақтөбе қаласы әкімінің бірінші орынбасары Асқар Ғабидуллин жергілікті әкімшілік көмек беріп жатқанын алға тартты.