Қазақстанның батыс өңіріндегі мұнайшылар ереуілі әлі де жалғасып жатыр, бейсенбі күні тәуелсіз кәсіподақтар жетекшісі Наталья Соколованың соты тағы жалғасты, бұдан бұрын прокурор оған жеті жыл жаза мерзімін кесуді сұраған болатын. Көкшетау қаласының соты қалалық ішкі істер басқармасының бұрынғы үш қызметкерін күдіктіге қарсы азаптау-қинау әрекеттерін жасады деген айыппен екі жылдан үш жылға дейін бас бостандықтарынан айырды. Батыс баспасөзіне шолуда State журналында Қазақстанға және оның экономикасы мен мемлекет басшысына қатысты жарық көрген бір мақаланың мазмұнымен таныстыратын боламыз. Бірнеше күннен бері Бішкекте мемлекетаралық су мәселесін талқылап жатқан Қазақстан мен Қырғызстан тарабы әзірге, ешқандай келісімге келе алмай жатыр. Азаттық радиосының қырғыз қызметінің хабарлауынша, оңтүстік қазақстан облыстық департамент өкілдері бастаған қазақстандық делегат тобы қырғыз жағынан егістікке қосымша су сұраған. .