Маңғыстау мұнайшылары топ-тобымен Нұр Отан партиясы қатарынан шығуда жатыр, ал сот тәуелсіз кәсіподақтардың заңгері Наталья Соколованы 6 жылға бас бостандығынан айыру турасында үкім шығарды. «МұнайФилдСервис» компаниясының Жаңаөзендегі өндіріс аймағында азапталып өлтірілген жұмысшының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда компания бастығының орынбасары қамауға алынған. Жаңаөзен қалалық полициясы тамыздың 8-і күні «МұнайФилдСервис» компаниясының жұмысшысы Жақсылық Турбаевтың өліміне қатысты Қылмыстық кодекстің 96-шы бап яғни, адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Олар тергеу құпиялығын алға тартып, басқа ешқандай сұрақтарға жауап бермей отыр. Қазақтың данышпан ақыны Абайдың туғанына 10- шы тамыз күні 166 жыл толады. Бүгінгі хабарымызда Абайдың бесінші ұрпағы Данияр Ақылбаевпен сұхбатты ұсынамыз. Абайдың баласы Ақылбайдың ұлы Әлімқұлдың Бағфур деген баласы болған. Бағфур 1937 жылы репрессияға ұшыраған. Бағфурдың үш ұлының кенжесі Айдар Даниярдың әкесі екен. Ол кісі қазір Атырауда тұрады. Бүгінгі таңда Абайдың тікелей ұрпақтары болып табылатын 4 ұрпағы қалған. Олардың бірі Данияр мен оның әкесі Айдар және Бағфурдың үлкен ұлы Эрнесттің баласы Айдос Ақылбаев. Абайдың кіші ұлы Мағауияның ұрпағы Ишағы Жағыпарқызы қазір 90-ды алқымдаған шағында. Ал Жағыпардың екінші қызы Хазира биыл бесінші ақпанда 82 жасында дүние салды. Даниярдың айтуынша қазіргі қалған Абайдың ұрпақтарының барлығы орыс тілді. Біздің әулетте тек Хазира апамыз ғана қазақ тілінде сөйлейтін дейді Данияр. Абай әулетінің шежіресін айтып, атамыздың шығармаларын жатқа білген жалғыз Хазира апамыз биыл 82 жасында дүниеден озды. Ол кісінің тілі өте бай болды. Біздің әулетімізде Абайдың тілі сол кісімен бірге кетті деп айтты Данияр. Даниярдың өзі әдебиеттен көрі техникалық салаға жақын екендігін айтады. Данияр қазір отбасымен Алматыда тұрады, жұбайы Наталья Васильева екеуінің екі қызы бар. Қымбатты ағайын тікелей әуе толқынындағы хабарымыз аяқталған соң бүгінгі Руханият айдарында Абайдың қара сөздерімен таныстыруды бастаймыз.