Accessibility links

Денсаулық


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

2011 жылдың 1-7 тамыз аралығында Қазақстан бойынша Дүниежүзілік баланы емізу аптасы өтті. Жыл сайын тамыз айының 1-7 аралығында Дүниежүзілік Емшекпен Емізуге Ықпал етушілер Одағы мен оның жақтаушылар Дүниежүзілік баланы емізу апталығын өткізеді. Акция 1992 жылдан бастап әлемнің көптеген елдерінде атап өткізіледі. 2010 жылы оған әлемнің 170 елі қатысты. Ол балалардың және бала емізетін аналардың репродуктивті денсаулықтың маңызды құрастырушысы ретінде денсаулықтарын дамыту мен сақтау үшін баланы табиғи жолмен емізу қажеттігін насихаттау мақсатында өтеді. Қазақ тағамтану академиясының вице президенті Шәміл Тәжібаев бала емізу дәстүрі Совет Одағы кезінде бұзылып кетті дейді.  Ана  сүті А, Е, Д дәрумендеріне, ақуыз, май, темір, көмірсутек, су, өзге де баланың өсуіне қажетті минералды заттарға өте бай дейді дәрігерлер. Ал оны ему кезінде баланың бүкіл ағзасы қозғалысқа кеп, бастағы қан айналымы жақсарып, жақ сүйектері мен ауыз, ерін бұлшық еттері тез жетіліп, дамиды екен. Шәміл Тәжібаев бұл эволюциялық процесс ана мен бала денсаулығына да пайдалы дейді.  Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының бөлім жетекшісі Клара Медеубаева елде баланы емізу көрсеткіші төмендеп бара жатыр дейді: Статистикалық агенттіктің 2010 жылғы есептері бойынша елде 360 мыңнан астам ана баланы үш айға дейін емізеді екен. Бұл жас аналардың 70 пайызы болады. 69 пайызы 6 айға дейін, 50 пайызы бір жасқа дейін, ал әрбір 5 ана баласын бір жарым жасқа дейін емізеді екен.

XS
SM
MD
LG