Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Жаңаөзендегі ереуілдеп жатқан мыңдаған мұнайшы «Нұротан» партиясына мүшелік партбилеттерін қаладағы партия бөлімшесіне апарып тапсырып жатқандары турасында ақпараттар түсті. «Нұротанның» Жаңаөзен қалалық филиалының жетекшісі болса, партия мүшелігінен бас  тартып жатқандар саны оншалықты көп емес дейді.  Үш айдан бері жұмыс жағдайы мен еңбек коэффициенті мәселесіне қатысты компания басшылары мен билік  атына қойған талаптарына ешкім құлақ аспағандықтан президент атына үндеу жолдаған мұнайшылар ендігі наразылықтарын биліктің «Нұротан» партиясынан бас тарту ақылы білдіріп жатыр. Ал «Фридом хаус» ұйымының Қазақстан билігін  алты жылға сотталған  мұнайшылардың құқықтарын қорғаушы заңгер Наталья Соколованы түрмеден босатуға шақырған үндеуі де бейсенбі күні жарияланды.   Ақтөбеде құқыққорғаушы, әрі Азаттық радиосының Ақтөбе облысындағы тілшісі  Әлима Әбдіроваға қарсы не үшін қылмыстық іс қозғалып, сот процесі басталды? Ақтөбе облысы Алға ауданы №3 қазақ орта мектебінің түлегі Әйгерім Асқарова өзіне тиесілі Алтын белгіге күреспен қол жеткізді. Бұл Алтын белгі үшін  оған Қазақстан тарихы пәнінен бір бал жетпей қалған болатын Ұлттық  бірыңғай тестілеудің сұрақтарына жауап жазған кезінде Қазақстан тарихы пәнінне берілген сұрақтың біреуінің ғана жауабы дұрыс болмады деп көрсетілген Әйгерім өзінің жауабының дұрыс екенін дәлелдеп шығу үшін анасымен бірге барлық құзырлы органдарға шағымданып, олардың бәрінен қанағаттанарлық жауап ала алмаған соң, премьер-министра Мәсімовке арнайы хат жолдайды,үкімет басының тапсырмасымен мектеп бітіруші түлектің арыздары  Білім министрлігіне жөнелтілген. Осыдан кейін ғана Әйгерім Асқарованың Алтын белгісі мәселесі шешілген.

XS
SM
MD
LG