Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Қазақстандықтар жазғы демалыстарын қайда өткізгенді жөн санайды? Демалу мәдениеті қаншалықты қалыптасқан?  Жыл он екі ай бойы жұмыстан шаршаған қазақстандықтар жылына бір рет берілетін бір айлық демалыстарында көбіне демала бермейтінін айтады. Өйткені бірінде демалуға мүмкіндігі болмаса, енді бірі үй шаруасымен айналысатынын  алға тартады. Алайда олар демалыс уақытын арнайы демалыс орындарында өткізуді армандайтындарын жасырмайды. Бір қызығы,  ауыл тұрғындары қалалы жерге барып демалғысы келсе, қала тұрғындары ауылға барып, туған жерінде демалғанды ұнатады екен. Қала тұрғындары үшін жаз айы демалыс уақыты деу қиын. Өйткені біз сұхбатқа тартқан адамдардың көбі жазғы демалыста  үйлерін жөндеуден өткізетінін, одан өзге жаз айлары қызық сыйламайтыны айтып шағымданды. Солардың бірі Жібек бір бөлмелі пәтерін сатып, қала маңынан жаңадан үй сатып алып, соның жөндеу жұмыстарымен айналысып жатқанын айтып берді.

XS
SM
MD
LG