Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

2011 жылы ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа көрсеткіші 86 балдан асқан екен. Білім және ғылым министрлігінің ақпараттары бойынша, 130 мыңға жуық мектеп түлектері тестке қатыспаған. ал 33 мыңға жуық абитуриенттер 2011-2012 жылдарға бөлінген грант иегерлері атанды. Білім және ғылым министрлігінің деректеріне сәйкес, ағымдағы жылы 91 мынан аса талапкер ҰБТ тапсырған. Республикалық комиссия білім гранттарының 3003-ін «Алтын белгі» иелеріне, 628-ін халықаралық, республикалық олимпиадалардың және ғылыми жарыстардың жеңімпаздарына берілді.  Жыл басында, білім министрлігі ұлттық бірыңғай тесттің форматын ауыстырып, тәртіптік қадағалауын барынша күшейттік,- деп мәлімдеген болатын. Дегенмен, биыл Жаңақорған ауданындағы түлектердің басым бөлігі 100-125 баллдан алып, тесті қайта өткізуге мәжбүр болған еді. 9 тамыз күні интернет сайттардың бірінде мемлекеттік құпия құжатына жататын грант иелерінің тізімі республикалық басылымдардан бұрын жарияланды. «Ар Намыс» бірлестігінің жетекшісі Ғалия Әміртаева бұл қадағалаудың аздығынан болды дейді. Ар Ру Хақ қоғамдық қорының жетекшісі Бақытжан Төреқожина жыл сайын 30 мыңнан астам талапкерлерге грант бөлінеді дейді. Алайда бұл Қазақстандағы мамандардың қажеттілігінен асып түседі дейді маман. Сондықтан да көптеген бітірушілер жұмыс таппай қиналады. Сондай ақ ол грант беру процесінің ашық болуы қажет дейді: «Құжаттар Астанаға кетті, барлығы да компьютер көмегімен жасалынады дейді. Компьютер өзі таңдайды-мыс. Алайда гранттардың әділ  бөлінетінін дәлелдеу үшін ешнәрсе жасамайды. Компьютер өздігінен жұмыс істемейді. Ол орнатылған бағдарлама бойынша есептейді. Ал бағдарламаны  адам жасайды» , - дейді Бақытжан Төреқожина.

XS
SM
MD
LG