"Стан- кз" ақпаратық порталының Алматыдағы екі кеңсесі жұма күні аяқ астынан тексеруге ұшырады, оған себеп кеңсе орналасқан үйдің көршісі сатилиттік тарелкалардан басы ауыратындығына шағымданған. Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын Қазақстанның бас прокуратурасы не себепті енді ғана растап отыр? 1991 жылғы Тамыз бүлігі күндерінде Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары қатарында алғашқы болып, бұл оқиғаны төңкеріс деп атап, оған тәуелсіз баға берген Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің сол кездегі бас редакторы Нұрмахан Оразбеков болды. Тәуелсіз заңгер Жиынбек Рәбілұлы маусым айының ортасында Маңғыстаудағы ереуілшілерге барып, заңдық көмек көрсетіп қайтқанын айтып Азаттық радиосына сұхбат берді. Жиынбек Рәбілұлы осыған дейін Шаңырақ оқиғасы мен Қызылағашта болған апатты жағдайдан кейін тұрғындарға заңдық көмек көрсеткен. 2002 жылдан бастап бұрынғы «Ақ жол» партиясының құрамында болған. «Ақ жол» партиясы «Ақ жол» және «Нағыз Ақ жол» болып екіге бөлінген кезде партиядағы жұмысын тастап, жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. Бірақ, заңгерлігімді тастаған жоқпын, дейді Жиынбек Рәбілұлы. Биылғы Маңғыстауға сапары «Азат» ЖСДП-ның тең төрағалары Болат Әбілов пен Жармахан Тұяқбайдың өтінішімен барған. .