Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Қыздарға тамақ пісіру мен ұлттық салт-дәстүрді үйрететін арнайы дайындық курстарын ашуды Қазақстанда алғашқы болып халықаралық бизнес академиясы  келесі жылдан қолға алуды жоспарлап отыр. Қоғамда қызу пікір туғызған бұл бастаманы қолдаушылар қатары көп. Солардың бірі Назира есімді бойжеткен үй шаруасына дайындайтын  арнайы курстардың болғаны дұрыс дегенімен, оған қатысуға мүмкіндігінің жоқтығын айтады. Сондықтан ол тұрмыс құрғанда  күйеуінің көңілін табу үшін дәмді тамақ пісіруді қазірден үйреніп жүргенін жеткізді. Жақын күндері келін түсіргелі отырған Әлима болашақ келінінің тамақты қаншалық жақсы дайындайтынына көзі жеткен соң ғана құда түскенін айтады. Сондықтан ол қыздың үй шаруасына икемді болуы тұрмыс құруына септігін тигізеді деді. Сондай-ақ ол  қолынан тамақ пісіру келмейтін қыздардың арнайы дайындық курстарынан өтуі тату-тәтті отбасын құруға мүмкіндік беретіне сенімді. Оның айтуынша,қыздардың  медицинадан да хабары болуы керек.. Өкінішке қарай Қазақстанда « Басқа елге кеткің келсе – ағылшын тілін үйрен, Қазақстанда тұрғың келсе – қытай тілін үйрен» деген пікір қалыптасып келеді дейді медифорумның үзілістерінде пікір алмасқан журналистер әзіл-шыны аралас.

XS
SM
MD
LG