Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Қазақстанда Живой журнал интернет парақшасы сот шешімімен жабылды. Билік мұны терроризм қаупіне байланысты жасалған қадам деп түсіндіреді Каддафидің билігі құлауға жақын, ал Еуропа Одағы мен НАТО Ливияда жаңа билікті бейбіт түрде орнатуға шақырды. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, мемлекеттік әскердің басым бөлігі көтерілісшілер жағына өткен. Солдаттарға қаруларын тастау туралы бұйрық берілген. Тамыздың 22-сі күні оппозиция қаланың 80 пайызын бақылауға алғанын мәлімдеді. Дүйсенбі күні Ақтау қаласында облыстық ішкі істер департаментінің ғимратаы алдында қоғамдық белсенді жастардың бір тобы Ораза айында айтылатын дәстүрлі Жарапазан жырын жырлап, ол үшін сыйлық емес, әкімшілік сот шешіміен 10 күнге қамалған Жаболат Мамайды босатуды сұрады. 22 тамызда Алматы қаласының Медеу аудандық сотында «Халыққа баспана қалдырайық» қозғалысының төрағасы Есенбек Өктешбаевтің үстінен түскен Темір банктің шағымы бойынша сот отырысы өтті. Банк соттан Есенбек Өктешбаевты несие сомасын бірнеше есеге арттырып төлетуді және оның үйін банк пайдасына тәркілеуді сұрады. «Халыққа баспана қалдырайық» қозғалысының төрағасы шағымды өзінің ұйымына қарсы жасалған әрекеттер деп білетінін айтты. Қазақстаннан Өзбекстанға қайтарылған 29 өзбек босқынының бірқатарына сот шешім шығарған. Бұл туралы өзбекстандық құқыққорғаушылар айтып отыр.

XS
SM
MD
LG