Депутат Бердіоңғаров пен өзін «журналистпін» деп таныстырып жүрген, бұрынғы университет мұғалімі Рафаль Балгиннің арасындағы дау әрі қарай да жалғасын табуда. Бір жылдан бері ешқандай ескерту алмаса да, ақтөбелік оппозиция белсендісі Айдос Садықов қоныстандыру колониясына ауыстырылмайтын болды. Өткен жылғы Гранитный түрмесіндегі бүлікке қатысты жүріп жатқан сотта айыпталушылардың туған туыстары онда бұрмалаушылықтың болып жатқанын айтып дабыл қағады. Бір күн бұрын ғана тұтқындалды деп хабарланған Муммар Каддафидің ұлы Сейф әл-Исламның бостандықта жүргені турасында ақпараттар тарауда. Ақтау қаласында көп қабатты үйдің тоғызыншы қабатында тұратын, өздігінен жүре алмайтын мүгедек жан Ислам Ақжігітов Азаттық радиосының тұрақты тыңдармандарының бірі екен. 1-ші топтағы мүгедек жігіттің сыртқа шығып, жарық күннің көзін көрмегеніне бір жыл болған. Ақжігітовтың қарындасы Тұмар Азаттық радиосына хабарласып, бауырының сырқатының асқынуына әсер етіп отырған проблемаларды айтты.