Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Маңғыстаудағы ереуілшілер белсендісі Құдайберген Қарабалаев 25 тамызда қызының жерлеу рәсімін өткізді. Осыдан бірнеше күн бұрын жоғалған қыздың мәйітін полиция 24 тамызда қала сыртынан тапқан еді. EurasiaNet апталығының 23 тамыз күні жарық көрген санында «Жұмысшылар толқуы Астананың экономикалық имиджіне нұқсан келтіреді» атты мақала шықты. Мақалада мамырдан бері жалғасып жатқан Маңғыстау мұнайшыларының наразылығы мен оның Қазақстанның экономикасына тигізетін кері әсері жайлы сөз қозғалған. Бір емес үші бірдей Ленин ескерткіші бар Петропавл қаласында, алаш ардақтылары Ахмет пен Әлихан, Міржақып пен Мағжаанның ескерткіштері жоқ.  Ақтөбеде «Ару ана» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, Азаттық радиосының осы облыстағы тілшісі Әлима Әбдірованың үстінен қозғалған қылмыстық іске қатысты кезекті сот порцесі өтті. Биыл Молдованың Гагауз автономиялық аймағындағы университет бітіруші студенттердің шамамен 10 пайызы румын тілі мен әдебиетінен сынақ тапсыра алмай қалды. Бұл жергілікті билік пен ата-аналардың ашу-ызасын туғызады. Жанжал азшылықты құрайтын, көпшілігі орыстілді гагауздар мен орталық биліктің арасындағы ертеден шешімін таппай келе жатқан мәселені асқындыра түсті.

XS
SM
MD
LG