Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Мамандардың айтуынша, әлеуметтік теңсіздік бұл - жеке индивидтер,  әлеуметтік топтар,  таптар  әлеуметгік мобильділік иерархиясының әр-түрлі сатыларында тұратын, өмір сүру деңгейі тең емес және қажеттіліктерді қамтамасыз етудің мүмкіндіктеріне ие әлеуметтік дифференциацияның ерекше түрі. Стратегия зерттеу орталығының маманы Серік Бейсенбаев капиталистік даму бағытындағы қоғамда әлеуметік теңсіздік міндетті түрде болады дейді. Маман тәуелсіздік алғанннан кейін болған реформалар кезінде теңсіздік пайда болды  дейді.  Оның пікірінше, Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік теңсіздік өте қатерлі күйде. әлеуметтанушы ғалымдар қоғам өмірінде әлеуметтік шиеленістердің болуы заңды құбылыс екендігін айта келіп, адамдар арасындағы теңсіздік билікке байланысты деген қорытындаға келді. Билік барлық қоғамның мүшелеріне беріле бермейді. Қоғамда бір топ адамдар басқаларды басқаруға, бұйрық беруге, тәуелді етуге бағытталған. Ал, көпшілік оларға бағынышты жағдайда. Мұндай әлеуметтік теңсіздік жеке адамдардың, әлеуметтік топтар мен таптардың меншікке, материалдық игілктерге ие болуға, бөлінуге байланысты теңсіздігін тудырады. Ресей әлеуметтанушысы Андрей Здравомысловтың пікірінше,қоғамда белгілі бір топтың азық-түлікке, тұрғын үйге, еңбек етуге, әлеуметтік бостандықтары мен құқықтарға деген қажеттіліктері қанағаттандырылмайды. Алайда  әр адам лайықты өмір сүруге ұмтылады дейді. Саясаттанушы Мұхит Асанбай  әлеуметтік теңсіздік жалпы адамзатқа тән құбылыс дейді.

XS
SM
MD
LG