Accessibility links

Зерде


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

30 тамыз күні Қазақстан Конституциясының қабылданғанына 16 жыл толды. 1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру елдің қалалары мен ауылдарындағы 10 мыңнан астам сайлау учаскелерінде жүрді. Қазақстанның бірінші Конституциясы  Совет Одағы  құрылған соң 1925 жылы 18 ақпанда 1925 жылғы Ресей совет федеративті социалистік республика Конституциясының негізінде қабылданды. Құқық қорғаушы Амангелді Шорманбаев қазіргі Конституцияда құқықтарды қорғайтын арнайы механизмдер жоқ дейді. Әміржан Қосанов та  Конституцияны пайдаланып  қарапайым халық өз құқықтарын қорғай алмайды дейді.  Маман Конституция коррупцияның іргетасы дейді: Заңгер Жиынбек Рәбілұлы  Конституцияны өзгерту керек деп санайды: Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы қабылданған күн мемлекеттік мереке болып саналады. 1998 және 2007 жылдары Конституцияға президенттің өкілдігін кеңейтетін елеулі  өзгерістер енгізілді.  Өзгерістер 2011 жылы да енгізілді, онда президентке кезектен тыс сайлау өткізу құқығы берілді. Амангелді Шорманбаев жасалған өзгертулердің барлығы да саяси жүйені ауыстыруға бағытталған дейді.

XS
SM
MD
LG