Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Әмеңгерлік  қазақ халқының салты бойынша күйеуі қайтыс болғанда оның жесірі «ерден кетсе де, елден кетпек жоқ», аға өлсе іні мұра» деген қағидамен әмеңгерлік жолмен күйеуінің аға не інісінің біреуіне өзінің таңдауы бойынша тұрмысқа шығады. Бұл дін жолымен де негізделген. Осыдан 13 жыл бұрын өзінен сегіз жас үлкен жеңгесіне үйленген Мақсат сол жолы қабылдаған шешіміне ешқашан өкінбейтінін айтады. Оның жеңгесіне үйленуіне жеңгесінің әлеуметтік жағдайының төмен болғаны себеп болған. Ағасы қайтыс болған соң Алматы қаласына келген Мақсат жеңгесі Айгүлдің ауыр тұрмысын көріп, ағасының отын сөндірмеу туралы шешім қабылдайды. Ол кезде  Мақсат 22 жаста болатын. Ағасының өмірден өткеніне алты жыл болса да жеңгесінің тұрмысы әлі түзелмегенін, мектеп табалдырығын аттаған қызының жетімдік көріп жүргені көрген оған бірден шешім қабылдау қиынға соғады. Оның үстіне туған туыстары мен жодастары да қарсы болады. Алайда жастайынан жетіміктің зардабын тартқан Мақсат ешкімнің пікірімен санаспастан жеңгесіне үйленбек болып, оған ойын білдірген. Олар он үш жылдан бері бақытты отбасы.

XS
SM
MD
LG