Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

30 тамызда Қазақстан Конституциясы күні аталып өтілді. Алматылықтыр мен астаналықтар Ораза aйттың алғашқы күнімен сәйкес келген қос мерекеде көшелерге шығып қыдырып, алаңдардағы концерттерді тамашаласа, Астанада Конституцияның 16 жылдығына арналған әскери шеру де болып өтті. Ливияның өтпелі кеңес үкіметі Алжирлен Муммар Каддафидің отбасын қайтаруды талап етіп жатыр. Қостанай облысының Арқалық қаласындағы жабық түрмеге әскер кіргізілуі мүмкін бе? Cемей полигонының жабылғанына 20 жыл толды. 40 жыл бойы жердің асты мен үстінде жүргізілген ядролық сынақтар кезінде халық басқа жерге көшірілмеген. Совет одағының ядролық сынақтары жасалған аймақтағы халықтың жағдайы полигон жабылғаннан бері қаншалықты түзелді? Бүгінде сол радиация зардабын тартқан жергілікті тұрғындар тіршілігі жайында Азаттық радиосы Саржал ауылынан Әйкен Әкімбеков деген азаматпен сұқбаттасқан еді. Әйкен мырза радиация деңгейін анықтайтын мамандар ядролық сынақтар жүргізілген полигон аймағында еш қауіп жоқ, пайдалануға болады деген соң, ол жерді жылқы жаюуға сұрап отырмыз дейді.

XS
SM
MD
LG