Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

«Жала жапты» деп айыпталған ақтөбелік құқық қорғаушы және журналист, Азаттық радиосының осы аймақтағы тілшісі Әлима Әбдірованы Ақтөбе қалалық соты ақтап шығарды. Жаңа оқу жылы басталатын уақыт та болды, ал Теміртау қаласындағы мектеп дауы да аяқталды. Жаз бойына Маңғыстауда ереуілде отырған мұнайшылар мектепке баратын балаларын жаңа оқу жылына дайындай алды ма, жоқ па, олардың әлеуметтік мәселелерін шешуге қол ұшын беріп жатқандар бар ма? Қазақстандық рэппер әнші Тәкежан концерттен түскен қаржыны наразылық акциясындағы мұнайшыларға көмекке аудуармақшы болған еді, бірақ ол концерт өтпей қалды.  Атырау облыстық прокуратурасы «экстремист» деп күдіктелген бір адамның көзі жойылғанын және оншақты адамның ұсталғандығын сәрсенбідегі брифингте мәлімдеді. Азаттық тілшісі қаза болған жігіттің туыстарымен жолығып қайтқан еді.  .

XS
SM
MD
LG